Алпауыт «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Мамандандырылған көлік басқармасы өз алдына жауапкершілігі шектеулі серіктестік болуды өткен жылы қолға алды. Жұмыссыз қаламыз, жеп отырған нанымыздан айырыламыз деген жұмысшылар бірлескен компанияға өтуден үзілді-кесілді бас тартты. Олар 200-ге жуық адамның қолы қойылған хатпен редакцияға «ЖШС-ке өткіміз келмейді, бірақ мәжбүрлеп жатыр, көмектесіңдер!»-деп келді.

Мамандандырылған көлік басқармасының Ақтөбе, Қандыағаш қалалары мен Жаңажол, Кеңқияқ өндіріс орындарында автопаркі бар. Өткен жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Мамандандырылған көлік басқармасының орнына бірлескен «СНПС –Ақтөбе көлік компаниясын» құру жоспары күн тәртібінде тұрды. Жаңа компания жұмыс көлемі мен кірісті ұлғайтып, жұмысшылардың еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсартуға кепілдік берген болатын. «Екі ортада «шыбын өледінің» кері келмей ме?» деп үрейленген қарапайым жұмысшы топ «ат басындай алтын берем» десе де қарсы шықты. «Өз еркіңмен арыз жазып, жұмыстан шық та келесі компанияға дәл сол әдіспен жұмысқа кір» деген сөздер талай айтылды, бірақ көнбеді. Талап бір, ол «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-нан еш жаққа кетпеу, жалақыны көтеру. Барлығы орындалды, бұл дауыл алдындағы дамыл болған секілді. Өйткені, басқарма жұмысшыларының қолында анкета жүр. Онда: «ЖШС құрудың негізгі мақсаты көлік қызметін көрсететін кәсіби мекеме жасау болып табылады. Бүгінгі күні Мамандандырылған көлік басқармасы балансындағы 989 техниканың 320-сы 10 жылдан астам уақыт пайдаланылған. Техниканың көнеруіне байланысты сұраныс толығымен жабылмайды, жоспар орындалмайды. Көптеген техника сырттан тартылуда. 2010 жылы 86 техника есептен шығарылды, бірақ бірде бір техника сатылып алынған жоқ»,- деп жазылған. Әрі қарай жаңа компания ашылғаннан кейінгі келер жетістіктер мен көз қуантатын сандар сайрай жөнеледі. Мәселен, егер биыл ЖШС-і құрылса, 99 техника сатылып алынады екен. Сонымен қатар, гараж қондырғыларын жаңарту, жүргізушілердің санын көбейту, қосалқы бөлшектерді тікелей шығарушыдан сатып алу, сыртқы нарыққа жұмыс жасау мүмкіндігін туғызу артықшылық ретінде айтылып, тәптіштеп жазылған. Жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарын сақтап қала алады. «Осы жоспарлар орындалған кезде сіз ЖШС құрамына енуге келісесіз бе?» деп анкетаны қорытады.
Автопарктің жүргізушісі Жігер Рақымов:
– Біз өз құқымызды қорғау үшін бар амалды қарастырып жатырмыз. Бірақ, қазір басшылар әр жұмысшыны жеке-жеке шақырып, «ЖШС-не өтуге қарсылығым жоқ» деп қол қойдыруда. Тіпті, әріптестерім айтқандай, «сен қалдың, басқалары қол қойды» деп жалған айтып, бір-біріне қарсы қойған сәттері кездеседі,- дейді. Дәл осы сұрақ, яғни, жаңа компанияға өту мәселесін күн тәртібіне қойып, мұнайлы өлке Жаңажолда жиын өтті. Жұмыстан соң, кешкілік болған басқосуға компания бас директорының орынбасары Р. Мүсіркегенов, Мамандандырылған көлік басқармасының бастығы Н.Сейіткамалов, кәсіподақ төрағасы Д.Каналин қатысады. Бәрінің айтары бір, ол – жаңа «аты мықты» ЖШС-не өтіп, жұмыс қарқынан күшейту. Ал, мұнайшыларда үрей басым. Олар «ертең бірлескен компания ауыр жүкті арқалай алмай, шығын көп, кіріс аз деп бізді жарты жолда тастап, банкрот болып қалса қайтеміз?» дейді. Жұмыс тоқтаса мыңдаған отбасы нансыз, жалақысыз қалады. Төленетін несие, оқытатын бала, әне, қалтаға қарап телміреді. Дәл осы көптің қарсылығы кезінде 2010 жылы аталмыш мәселеге орай облыстық әкімдікке үлкен жиын өткен болатын.
– «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» басшыларымен арада келісім жүрді. Жұмысшылардың талабы бойынша Мамандандырылған көлік басқармасы компания құрамында қалып, әрі қарай жұмыстарын жүргізе береді. Ал, басшылық болса жалақыны кезең-кезең бойынша көтереді,- деген еді облыс әкімі Елеусін Сағындықов. Араға жыл салып мәселе қайта көтерілді. Қайта көтерілген «дауыл» туралы облыстық әкімдік те, компания басшылары да әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

P.S. Жүргізушінің аты-жөні өзгертілді. Өткен жылы оқиғаның басы-қасында жүрген үш мұнайшы жұмыстан қуылып, сотқа тарқылған болатын. Енді, аяғын аңдап басып, бұға отырып сөйлеуді жөн көреді олар.

Posted by: altynai | Желтоқсан 10, 2009

Ойлар

Өмірден сәт сайын сабақ алып келем, бір сәт еркеліп күлгім келеді, алаңсыз ойнағым келеді. Бірақ оған тағдырым мұрша берер емес. Сәл жымисам аяғымнан шалып, «ал енді тұрып көр» деп мысқылдайды. Сонда да мұқалмадым. Соңғы күндері шаншуын шығарған жүрегімнің де үнін құлаққа ілмеймін. Маған бір айтары бар. Бірақ мен оны таңдағым келмейді. Әні мұңды жүрек, маған да мұң сыйлайды ғой. Енді, сәт сайын менен әріде жүрген қуанышты мазалаймын, өзіме шақырамын. Келеді де сол сәтте кетіп қалады. Мен оған жат мекендеймін. Жоламауын қарашы, әне ол тағы да көз ұшында көлдеңбеп кетіп барады. Қуаныш…
21 қыркүйек, 15:53

Мен жазғанда көзден жас аққандай, кейін ішім босап көңілім жайланғандай күй кешемін. Бұл жолдан да сондай әсер қалдырды маған. Қайталап оқымайтын, қате болса да қайта қарап, қайта өшіріп жазбаймын.
****
Күндер өтіп жатыр. Бәрі де маған еш аялдап қараған емес. Мен бір бөлек, уақыт бір бөлек зымырайды. Тағы да ой. Мені шырмауына алған ойдың жетегінде кетіп барам…
8 қыркүйек.

үндер, апталар зулайды. Міне, жаңа жыл тақап келеді. Мен ше? Мазасызбын, соңғы күндері тіпті ашуланшақ болып алдым. Сәл нәрседен көңілім қалып, ешкімге білдіртпей жылаймын да. Күндер… Менің тынышымды алған күндер.
олымнан келмейтін істі көргенде бәрін бір сәтте тастап кеткім келеді. Шамам жетпейтінін көре тұра неге талпынам, менің қазіргі ісіме қазір біреу ішінен күліп отырған шығар, «әлін білмеген әлек» деп. Қайтейін, әлекпін әйтеуір.
10 қараша. 2009 жыл

Posted by: altynai | Маусым 18, 2009

Есбол – Қазақстан азаматы

Бізге хабарласып («Қазақ» болғым келеді) титтей де болса көмек беруімізді сұраған Орман Балсеріковтың бар арманы бауыры Есбол Балсеріковты қазақстандық азамат ету болатын. Қазір заң бойынша азаматтығын алды. «Нұр Отан» ХДП-ның және ІІД, Көші-қон басқармасы айлар бойы Өзбекстанға сұраныс жіберіп, заң қызметкерлеріне тікелей телефон да шалған. «Әне болады, міне істі тындырамыз» деген құрғақ уәденің артынан айлар өтіп жатты. Таяуда ғана келген сүйінші хабардың мән-жайын Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қарасай Көшелековтен сұрап білдік.
– Көші-қон заңына байланысты баланың Өзбекстаннан тіркеуден шыққандығы туралы құжат керек болатын. Біздің сұранысымызды орындау ұзаққа созылды. Тақияташтың қалалық ішкі істер бөлімі, Нөкістің облыстық ішкі істер басқармасы басшыларымен телефон арқылы хабарластық. «Қазір келсін» дегенімен тума-туысқандары барса құжатты бермей жібереді. Іс алға баспаған соң Ішкі істер министрінің орынбасарына хабар берген болатынбыз. Орман Балсеріков алғаш рет 12 қаңтарда бізге келді. Кейін екі рет телефон шалды.
Қорғашылық алғандығы туралы құжаттардың көшірмесін түгелдей сұратты. Шын мәнінде Өзбекстанда бюрократия басым,- дейді Қ.Көшелеков. 6 айдың ішінде түбегейлі шешімін табатын азаматтық алу ісі жылдарға созылды. Алғаш кезде өз күшіне сенген Орман Балсеріков «басын тауға да6 тасқа да соқты». «Бір жапырақ» құжаттың салмағы ауыр әрі маңызды. Дегенмен істің бұлай созылуына Көші-қон заңының да әсері бар. Заң толықтырулар мен өзгерістер енгізуді қажетсініп-ақ тұр. Ұсыныс жасалды, егер заң қайта қаралса азаматтық алу жүгі жеңілдейді деген үміт бар.

Posted by: altynai | Ақпан 26, 2009

Қазақ болғым келеді

Бұл күнде Есбол Балсеріков Ақтөбеде. «Өзбекстан жерінен алғаш келгенде ілмейген ғана қара бала болатын» дейді әкесінің туғаны Орман аға. Қалыбай Балсеріков о дүниелік болған кезде артында 4 бала қалады. Ұрпақты өсіру, күнделікті ішер асын тауып, киер киімін бүтіндеу жалғаз анаға ауыр тиді. Сауда-саттықтың да мәні кетті. Себебі бауыр еті баласы қараусыз қалған кезде өкпесіне суық тигізіп алған екен. Қазақ жерін, елін өз Отаным деп көшіп келген Орман Балсеріков пен Несібелі Байжанова баланы қорғаншылыққа алып, оны тәрбиелеуге шешім қабылдайды. «Баққанды білетін бала» көп ұзамай құлын тайдай ойнап, көздері жайнап шыға келеді. Қазір екінші кластың оқушысы. Бірақ азаматтарды тіркеу кітабында жоқ, ол үшін Қарақалпақстандағы тіркеу кітабынан шығу керек екен. Екі елдің ортасында шыбын жан шырқырып жүр. Өзбекстан шығармайды, Қазақстан онсыз тіркемейді.

Даудың басы…
Ала шапандылардың ауылынан хат келген соң бауырының артында қалған тұяғын жатта жылатпау басты мақсат болады. Қара көзден аққан мөлдір жас та «жетіміңді жалатпа» деген аталы сөзді еске түсіреді. Содан 2005 жылдың қыс айында келген өтініш хат Орман Балсеріковке ой салады. Ақтөбе топырағын аттаған кішкентай ғана Есбол сол кезде өкпе ауруына шалдыққан болатын. Дәрі-дәрмек пен жылы орын, құнарлы тамақ бұл дертті аз уақыт ішінде жеңіп шығуға септігін тигізеді. 2006 жылы бала 5 жасқа келеді. Дайындық тобына барып, білім ала бастайды. Келер жылы 1 класс пен түпсіз терең білім, жаңа орта мен достар тосып тұрған болатын. Енді құжаттарды тексеру, бәрін «заңға сәйкес» реттеу керек деген талап қойылады. Айлар артта қалып, жылдар жылжиды. Іс тек қарақалпақ еліне барып келсе ғана бітеді деген шешімге келеді. Ресми түрде бала асырап алушы Несібелі Байжановадан сенім хат алып, оны заңдастырған соң Орман Балсеріков Қарақалпақстанның Тахаиаташ қаласына аттанады. Екі ай жүріп түк бітірмей елге оралады. Себебі, қарақалпақ елінің заңы бойынша анасы бар баланы қорғаншылыққа беру мүмкіндіктері қарастырылмаған. Істі аяғына дейін жеткізу үшін өз атынан сөйлейтін қорғаушы алып, бар құжатты соған тапсырады. Есболдың анасы Миуаш Жанасбаева әлеуметтік жағдайы төмен екенін, ерінің қайтыс болғанын, көп балалы ана әрі ұрпақ тәрбиелеу күннен күнге қиындап бара жатқанын айтып баласын қорғаншылыққа берулерін сұрайды. Көше биі Құдайберген Бекжанов, жиналыс басшысы К.Кучербаев еш қарсылық білдірмеген. Шыққан қаулы мынадай:
Жиналыста қаралған мәселелер мен ұсыныстардан кейін Жанасбаева Миуаштың 2001 жылы дүниеге келген баласы Есболды Ақтөбе қаласында тұратын күйеуінің ағасы Орман Балсеріковке беруге ұсыныс беріледі». Бұл шешім қағаз жүзінде қала берген.
алалық білім бөлімі «жоқ» десе, ауданаралық сот «біздің құзырымызға жатпайды» деп әрі итеріп, бері жығады. Қарақалмақстанда әлеуметтік көмек үшін әр балаға 30 мың сом төленеді екен. Бұл қазақ елінің теңгесі бойынша 2700 теңге. Орман ағаның айтуынша, оған жарты қап қана ұн келеді екен.
Жататын үйім мен қала орталығы бір-бірінен қашық болды. Таңертең барып, кешке кері қайтып екі ай уақытымды өткіздім. Инсульт болдым. Қазір екінші топтың мүгедегімін. Әр дәрінің құны 2 мың теңгеден жоғары,- дейді Орман Балсеріков. Қолды бір сілтеп, баз кешкің келеді. Бірақ бала тағдыры алаңдатады. Сөйтіп, жарық күн де туады. Ақтөбе қалалық әкімдігінің қаулысы бойынша 2008 жылдың 21-қарашасында «Азаматша Байжанова Несібелі кәмелетке толмаған Балсеріков Есбол Қалыбайұлының қорғаншысы болып тағайындалсын, сол жөнінде оған кәулік берілсін» деген шешіл шығарылады. Қазір Несібелі Байжанова Есболдың қорғаншысы.

Қазақтелеком «байыды»
Балсеріковтар отбасы Өзбекстандағы 2 нөмірге ғана телефон соғады. Бірі келінінің көрсіші, екіншісі милиция бастығы Эльдар Раманаев. Көршісінің «үйінде жоқ», «қолым тимейді, бала жылап жатыр», «балалар айтуды ұмытып кетіпті» деген сылтау айтып тұтқаны қоя салатын кездері де аз емес. Ал милиция басшысы болса бірде бар, бірде жоқ. Мемлекетаралық байланыс ақысы желтоқсан айында үш мың, қаңтар айында жеті мыңнан астам теңге ақша жұмсаған. Бірақ нәтиже жоқ. Мәселе әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр.

Қазақстан азаматтығы ала алмайды. Неге?
Орман Балсеріковтың қазір бір шеңберді айналып жүр. Көші-қон басқармасы, Балалар құқықын қорғау департаменті, Ішкі істер басқармасы. Бас айналдырады. Кейін осы оқиға жайын жетік білетін басшыларға хабарластық.

Жәнібек Мұқанов, Көші-қон полициясы бастығының орынбасары:
Бұл оқиға бізге таныс. Келіні Миуаш Жанасбаева уақытша тіркеуге тұрып, баласын тастап кетуіне де болады. Бірақ М.Жанасбаева келгісі келмейді. Бізге бір қазақтың тағдыры ғой, «заңды бұз» дейді. Өзбекстанға сұраныс жібергенбіз. Олардан «кәмелетке толмаған бала ата-анасыз шетелге шығарылмайды» деген жауап та келді. Мұндай оқиға менің тәжірибемде бірінші рет болып тұр.

Б ақтыгүл Тойбазарова, Балалар құқықын қорғау департаменті, Қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы:
Бала әлі қарақалпақ азаматы. Орман Балсеріков Есболдың Қазақстан азаматы болғанын қалайды. Келіп түскен өтініш бойынша біз Көші-қон полициясына бардық. Онда полиция бастығының орынбасары Арман Серікұлы Қарақалпақстанға телефон шалды. Олар баланы тіркеуден шығарғысы келмейді. Анасы екеуі бірге кету керек деп нық отыр. Миуаш Жанасбаева болса мұнда келгісі жоқ. Егер тіркеуден шығып қайта барар болса өзбек азаматтығын ала алмайды.
алсеріковтардың басындағы оқиға мемлекетаралық мәселе. Қамқоршылыққа алынды, мектеп тарапынан берілетін көмекті үнемі қадағалап отырамыз. Бірақ Орман Балсеріков қамқоршылық жәрдемақысына қол жеткізе алмай отыр.
іздің міндетіміз – балалардың құқығын қорғау, оларға мүмкіндік жасау.

«Бауырым терроршы емес қой»
Б ір аулада балаларымен бірге тұратын Орман Балсеріковтың жүзі тым шаршаңқы көрінді.
Бауырым іздеусіз, сұрайсыз емес. Тіпті, терроршы емес,- дейді. Есбол екі жыл өкпеге түскен дақтан емделген. Қазір айығып та кетті. Еш жері ауырмайды.
Кең құшағын ашып, ақ дастарқан жайып қарсы алғанмен заң «бізге бағын» деп түртпектейді. Қазір бала Есбол асыр салып ойнайды, достары да көп. Бірақ екі мемлекеттің аdsc07394расында тұр. Әрі барсаң өзбек, осында қалсаң қазақ. Біздің салмағымыз басым. Заңымыз оған мұрша берер емес.

Р .S. Ата мен әженің, Орман Балсеріков пен Несібелі Байжанованың жолға шығып, тағы да Тахаиаташ қаласындағы милиция басшысы Эльдар Раманаевтың есігін күзетуге қауқары жоқ. Олар қала басшылығының болмаса елшіліктің бұл іске араласқанын қалайды. Бар тілегі Есболдың білім алып, өз елінің азаматы болғаны. Оның «ҚАЗАҚ» болғысы келеді. Заңның икемге келмей тұрғаны-ай!

Posted by: altynai | Қазан 7, 2008

СМС-тен шаршадым

Ұялы терефондағы, электрондық поштадағы смс-тердің күн санап түрленіп келе жатқанын қайтерсің. Кейде жаныңды түршіктіріп, қорқыныш тудырады, кейді жүйкеңді жұқарып, жыныңды оятады. Алғашында «бақытты болғың келсе 5 адамға тарат» деп, кейін Аллаһ Тағаламен де әзілдесетін болдық. Кеше таң сәрімен мынадай смс келді:
Ораза Айт қабыл болсын!
аршамызға береке әкелсiн!
лланың нұры жаусын!
айғамбардың шапағаты түссiн!
Алла ниетімізді қабыл етсiн!
Әумин!
Жорытканда жолың болсын,
Жолдасын Қыдыр болсын,
Алдыңнан Алла колдап,
Қоржының олжаға толсын.
Осы батаны 6 адамға таратсаң бағың ашылады.
Айт қабыл болсын!!!»
шкі сана-сезімі әлсіз адам бұл сөздерге иланып, ойдан шығарылған бәзбіреудің ермегіне жауап қатады. Сөйтіп мәнсіз-мағынасыз сөздер мыңдаған, бәлкім миллиондаған қалың жұртшылықты аралап кетеді. Сенгісі келмейтіндерді сендіретін де осы сөздер. Қолды бір сілтеп өшіріп тастайдын жандар да арамызда жүр. Бірақ некен-саяқ секілді. Спамдардың көбейіп кеткеніне қарап, оны кім бастап жазды екен деген ойға қаламын. Бізді жақсы білетіндер ме, әлде… Қалай болғанда да мен смс-терден шаршадым. Бәленше адамға тарат деп келген сөздердің соңғы нүктесін қойып өшіріп-ақ тастадым. Егер жындының сандырағы келсе ше? Көрдіңіз бе, біздің сана-сезіміміз жалған сөзге иланғыш келеді екен. Одан арылу керек, бәрімізге де.

Соққыға жығылған Асқар

Соққыға жығылған Асқар

Кеше ғана Асқар Құрбановпен кездестік. Ол қазір Ақтөбе облыстық ауруханада жатыр. 2005 жылы Қарақалпақстаннан квота арқылы көшіп келген. Содан Алға ауданында тұрып жатыр. Негізгі кәсібі құрылыс салу. Яғни жалданып жұмыс жасайды. Әдеттегідей қалаға жұмысқа келе жатқан кезде оны 3 қыз бала тоқтатады. Үшеуін де қала ішіндегі базар маңына түсіріп кеткен. Кейін ол қалалық әкімшілік жанына жұмысымен келген кезде полицейлер учаскеге алып кетеді. Бұл 18 шілдеде болған жайт. Қыздардың айтуынша, Асқар оларды қалаға жеткізіп салғаны үшін 200 теңгені аз көріп, 500 теңге сұраған. Болмаған соң «соткасын» тартып алған. Ал Асқар болса мұны жоққа шығарып отыр. «Көп сөйлесем басым айналады» деген ол қол-аяғы, бет-әлпетінен басқа барлық жерінен полицейлердің ұрғанын айтады. Қазір басы айналып, қуығы шаншитын көрінеді. Асқарды тергеп жатқан Ғалым Тілеуов деген тергеушінің кабинетінде оны кезекті ұрып соққан сәттерде үстіне жай киім киген бір полиция қызметкері Асқарға:
– Сен қалпақ, оралман болып келіп алып, үй саласың, машина аласың. Мен болсам пәтер жалдап жүрісім мынау, неге кетпейсің өз еліне,- деген қорлау сөздер айтқан. Жәбірленуші жігіттің анасы Яхияева Несібелі апай ұлын жазықсыз ұрған полиция қызметкерлерінің үстінен қалалық ІІБ бастығына арыз жазып апарса, сол 10 тамыз күні болған кезекші арызды қабылдамапты. Оның орнына Асқар деген өзге тергеушіні шақырған. Ол ұлының жазықсыз таяқ жегеніне жаны ауырып, қайғырып отырған анаға «сіз арыз жазбай-ақ қойыңыз. Әйтпесе оларды жұмысынан шығарып жібереді. Одан да келісімге келейік» деген. Бәрі де түсініксіз қалпы оқиға өрбіп жатыр. Қазір Асқар да, полицейлер де прокуратураға шағымданған. Істің мән-жайына солар нүкте қоятын болар.

Posted by: altynai | Тамыз 7, 2008

Ақтөбеге министрлер «жауды»

Бір айда төрт апта болса, соның төртеуінде де министр келетін боп алды. Себебі ақтөбеліктер саммитке дайындалып жатыр. Әр министрдің өзі қарайтын саласы бар. Мәселен Көлік және коммуникация министрі Серик Ахметов келіп әуежай мен тас жолды түгендеп кетті. Ол жасалып жатқан тас жолды көріп: «мына кедір-бұдырды көзім көрмейтін болсын. Қайта салыңдар!» деп кеткен болатын. Енді бүгін Қайрат Келімбетов ресми емес сапармен келе жатыр. Оның жүріп өтер жолдары белгілі болғанымен әкімшілік журналистерді жолатар емес. «Өзіміз қажет нәрсені айтамыз» деп қояды. Сөйтіп әлі талай министрлердің «жауатын» кезі туар  деп біздер де жүрміз. Олардың келіп кеткені, мынау дұрыс жасалып жатыр ма, қашан бітеді дегені несі қызық?  Білмедім.

Таяуда Жаңажол ауылына барып келгем. Бұл Ақтөбедегі мұнайлы өлке. «БИДИПИ геофизикалық қызмет» ЖСШ-нің қарамағында талай қазақ баласы жұмыс жасап жүр. Бірақ жатын орындары, тамақтары сын көтермейді. Айтап айтсам, түнде тышқанмен алысып ұйықтай алмайды екен. Түн демей-ақ күндіз де оның өріп жүргенін круге болады. Жұмысшылардың бірі: «Палатка ішіндегілер жүгіріп жүрсе, тамақ қоймасындағылар қарындары сипап шалқиып жатады» деп әзілдеген болды. Шындығында да сондай. Ал бірінші түстік пен екінші түстік болса бір ыдысқа салынады. Яғни жұмысшы біріншіге берілген тамақты ішіп болған соң ыдысына екіншісін құйдырып алып іше береді.
Ең сорақысы осы жайттарды біреуі айтып, дауыс көтерсе қытайлықтар «домой» деп қош айтысады екен. Олар болса бір үйдің асыраушысы. Ешқайда кете алмайды. Барлық жайтты база директоры Жау Чин Гуанға айтқанымда ол бұдан хабарсыз екенін алға бартты. Олар күннің астында тұрған бөшкеден су ішпейді. 5 литрлі тазартылған су қытайлықтардың ғана шөлін қандыру үшін жұмсалады.
Бір душқа 40 адамнан келетін вагон асханадан екі қадам жерде орналасқан екен. Аталмыш жолсапарға барып келген соң бізді Ақтөбедегі филиалының директоры шақыртып алды. Ол ең болмағанда компания атын жарияламауды өтінді. Тіпті мені ертіп апарған бұрынғы қызметкерге 100 мың теңге берем, ешқаншай материал жарыққа шықпайтын болсын деген. Қазір қазақты аямаған қытайлықтардың бетін қатару үшін оларды тексерту амалдарын жасап жатырмыз. Қалғанын суреттен оқып білуге болады.

Тышқаны өріп жүрген палатка іші

400 адам суға түсетін 1 вагондағы 10 душ іші

Мына қоқыс тау-төбе болғанша осы жерде жатады

Жұмысшының таңғы асы осы ғана

Ашық аспан астында тұрған мына бөшкеден тек қазақтар ғана су ішеді

Posted by: altynai | Маусым 25, 2008

Көлеңкелі машинаның жалғасы

Директорым жұмыстан кетті

Әкім машинасының қара көлеңкесі алынбағаны белгілі болды. Бірақ ол дәлелденбейтін шындық еді. Билік «Жаздым, жаңылдым. Бұл PK, яғни прокуратураның машинасы екен» деп жаз деп тапсырма берген болатын. Бірақ ол орындалмады. Кейін директорымызды орнынан босатып, жаңа бастық тағайындады. Бір ғана мақаланың мұншалықты өзгеріс әкелгеніне өздеріміз де сенбей жүрміз. Кейін орнынан босатылған бастығымыз журналист Ардақ Ерубаеваға: «Ардақ, қанағаттандық ба?» деп сұрапты. Әлі де ілік іздеп тиісуін қояр емес. Ал билікті «машинаның әкімдікі екенін ешкім білмей қалды» деп жұбаттық.

Older Posts »

Санаттар