Темір тұлпарының терезесін қара көлеңкемен көлегейлеген көлікті көргенде өзіміз де таң қалдық. Заң талабы бәріне ортақ емес пе еді. Алдымнан жүйткіп шыққан көлеңкелі көлік көп сұрақ туғызды. Мүмкін, біздің көрген көрінісімізді жол полициясы қызметкерлері байқамай (әлде байқамағансып) жүрген шығар.
Жолдағы тәртіптің алдын алуға орай шыққан заң мемлекеттік қызметкерлерге де ортақ. Талап күшіне енген кезде жапатармағай көлігіміздегі көлеңкені сыпырдық. Жоғарыда көкелері отырған еркетайлар біраз еркелеп алмаудың амалын жасап бақты. Бірақ, тәртіптің аты тәртіп. Көнуің керек. БАҚ беттеріне жарияланған мақалалардан кейін көлеңкелі көліктер көзден тайған. Жасалынған жұмыс пен орындалған іске біз де біраз мәз болып қалғанбыз. Енді міне, көлеңкенің күңкілі суығаннан кейін көзімізге қылт етіп екі көлік түсті: «D 707 PTM», «D 001 RK». Сөзіміз сенімді болсын деп, машина нөмірін жазуға да мәжбүрміз. Олар әлі күнге дейін неге тұмшаланып жүр? Жасырынып та емес, өзін көргенде теріс қарап кеткен МАИ қызметкерлерінің қасынан жайбарақат өтіп барады. Ал саған керек болса! Енді не істерсің және не істейді?
Мұндай түсініспеушіліктерге біз де жолығып жүрміз. Соларды сендер түсіріп алып жазсаңдаршы. Бізге «поддержка» керек. Заңға бағынбайтындармен бірігіп жұмыс жасасақ жақсы болар еді. Тіпті, бұрын алып тастап, қазір қайта жапсырып алып жатқандар да кездесіп жүр. Заң бәріне бірдей. Сондықтан, оларға қолданылатын шара да ортақ, – деп өз жұмысында кездескен кедергілерді жол полициясы басқармасының бастығы міндетін атқарушы Елтай Ануарұлы жасырмай жария етті.
Ардақ Ерубаева.
Бұл ақтөбелік “КЕРЕК.info” газетіне жарияланған мақала. Осыдан кейін әкімшіліктен қоңырау шалып, облыс әкімінің орынбасары Жеткерген Оралмағанбетовке келіп кетуін сұрағандар көбейбі. 001 RK нөмірлі машина облыс әкімі Елеусін Сағындықовтыкі боп шықты. Ертеңіне таңертең қабылдаған орынбасар: “Сен өзі неше жыл жұмыс жасаған баласын? Бір жылдан асса жас екенсің. Енді мен қате жазыппын деп мақала жаз. Түсірген суретің болмағасын дәлелің де жоқ. Әкім жай адам емес. Сотқа берсек сен ештеңені дәлелдей алмайсың. Тіпті журналистикада жұмыс жасай алмай қалуың да мүмкін” деп қоқан-лоққы жасаған. Қазір үлкен шу туып жатыр. “Қателесіппін, бұл прокуратураның машинасы 001 PK екен деп жаз” деген әкім орынбасары ашулы. Содан кейін әкімшілік маңындағы Төтенше жағдайлар министрлігі деп жазылған машинаны көрдік. Жүргізушісі: “бұл бастықтың машинасы” деп саспастан шалқалақтап отыр екен. Осыдан ақ “Заң – ортақ ереже” дегеніміз түк те емес екенін білуге болады. Журналист жалданбалы жұмысшыға айналған қоғамда ашық пікір айту мүмкін болмай барады. Оқиғаның соңы немен ақяталарын тағы жалғасыра жазамын.

Күтеміз.
By: urimtal on Маусым 15, 2008
at 4:05 тд
[...] де өткір, өзекті мәселелер жарияланып жүр. Мәселен, “Көлеңкелі машинаның ішінде кімдер отыр” атты жазбасын оқып, блог арқылы қоғамдағы [...]
By: kz.kazakhstan.neweurasia.net » Аптаның 7 жазбасы: блогосферадағы азаматтық бұлқыныс on Маусым 15, 2008
at 7:30 тд
негізі күнның ыстығында жақсы. көзіңе күн түспейді. сіздер жақта қатты дау болып атр ма? біздің алматы тиыч чета(маған солай сияқты). мысалы бізде алған жоқпыз. ешкім ештеме демеді. причем бәрі солай жүр.
Қырқып қой: КерекИнфо деген газеттің аты бар ма? сайттың барынан хабардар едім.
By: 666aiko999 on Маусым 16, 2008
at 6:16 тд
Алтынай өте жақсы бір мәселені көтеріпсің..заңды ең бірінші мемлекеттің мекемелер орындауы керек..олар орындамаса, қарапайым халық неге орындасын? осындайларды қорықпай әшкерлеу нағыз журналисттің ісі…
Осы алған бетіңнен жаңылма..бұл жол оңай жол емес, ақиқатты айтқанды жек көретін қоғамды өмір сүріп келеміз..Бұл рас..жақтырмайды екен деп ақиқатты бұғып қалуға да болмайды…
By: Мылжың Профессор on Маусым 17, 2008
at 5:57 тд
Егер терезесінде күңгірт жабыны бар машинада облыс әкімі ойқастап жүргені рас болса, онғанымыз екен”
By: nurbolatuli on Маусым 24, 2008
at 7:46 тд