Posted by: altynai | Маусым 19, 2008

“Маған қазақ тілі керек емес” дейді заңгер

Қаламызда еңбек миграциясы турасында семинар өткен болатын. Семинар соңында Украинаның миграттарға арнап тілді оқытатыны тілге тиек етілді. “Мәртөк тынысы” газетінің тілшісі Қаныш Ысқақов кейбір қандастарымыздың қазақ тілін білмейтінін айтып ашу шақырды. Сол кезде “Казахстанского Международного Бюро по правам человека и саблюдению законности” ҚБ- филиалының директоры Анар Ибраева: “Маған қазақ тілі керек емес, оны оқитын уақытым да жоқ. Қазақстан демократиялы ел. Сіздер маған тілді үйрен деп күштей алмайсыздар. Дәл қазір өлтірсең де үйренбеймін”,- деп қарсы жасап берді. Отырғандардың бәрі бас шайқап, түңіліп кетті. Сөйтіп “Ваш выбор” газетінің тілшісі Жанат Суюнова “мынауың барып тұрған оңбағандық. Үйренгің келмесе де “маған қазақ тілі керек емес” деп айтпа” деген еді.


Пікірлер

  1. Сөйтіп айтатындай жағдай жасалып отыр ғой, Нұрпадлоның қазақстандық ұлт идеясынан бастап алып қарасаңыз да…
    АиФ газетін көп оқитын едім, соңғы кезде қазақстандық “АиФ Казахстан” қосымшасынан осындай ой жиі байқалады. Тіл туралы, орыс тілін мемлекеттік деңгейге көтеру керек, орыс тілі бұрыннан бар деген сияқты ойлар кілең… Газетке хат жазған адамдардың кейбіреуі өздерінің “шала қазақ” екенін мақтанышпен жазатындай жағдайға жетті. Енді біреуі болса, “ауылдағы қазақтың жалғыз мақтанышы – қазақ тілін жетік білетіндігінде, басқа жағынан олар қала қазақтарынан (шала қазақтарын айтып отыр) артта қалып қояды. Егер барлығы бірдей қазақ тілін үйренетін болса, онда ауыл қазақтары өздерінің жалғыз артықшылығынан айрылып, өз комплекстерін жою мақсатында басқа ұлттарға ашықтан-ашық тиісе бастайды” деп оттапты. Оттауға мүмкіндік берілген соң оттайды да, әйтпесе, тіл полициясы сияқты бірдеңе құрылып, мемлекеттік тілді таратуға жағдай жасаса, арттарын қысар еді ептібайымайт анонимдер.
    Бұл жерде, қазақ тілін артқа тартып отырған “аптобустар” – өзіміздің ақымақтар ма, әлде сол орыстың артында жүрген провокаторлар ма деген де ой келеді… Эххх, Нурпадло…. Эхх, Нурфигассо…

  2. Kazak tili kerek emes bolsa ozi kinalady, Kazirgi kogam osyny talap etip goi!

  3. Бірде “Шабыт” фестиваліне барғанбыз. Сонда ақындардың жыр сайысын тамашаладым. Халықаралық Абай клубының директоры Роллан Сейсенбаев соңғы сөзін айтып жатқан болатын. Бәрі де қазақша жүріп жатқан. Бір кезде ол: “Мұнда басқа ұлт өкілдері де бар. Рұқсат болса ресми тілде сөйлейін”,- деген болатын. Артқы жақтын “Бес орыс отыр екен деп орысша сөйлейсің ба не? Сөйле қазақша!” деген ақын сөзі естілді. Бәрі де риза болды. Бәрімізге де осындай батылдық керек болар.

  4. Дұрыс! Үйренгісі келгендер әлдеқашан үйреніп-ақ алды қазақ тілін, қалғандарының көңіліне қараудың қажеті жоқ.


Leave a response

Your response:

Категориялар