Бір айда төрт апта болса, соның төртеуінде де министр келетін боп алды. Себебі ақтөбеліктер саммитке дайындалып жатыр. Әр министрдің өзі қарайтын саласы бар. Мәселен Көлік және коммуникация министрі Серик Ахметов келіп әуежай мен тас жолды түгендеп кетті. Ол жасалып жатқан тас жолды көріп: “мына кедір-бұдырды көзім көрмейтін болсын. Қайта салыңдар!” деп кеткен болатын. Енді бүгін Қайрат Келімбетов ресми емес сапармен келе жатыр. Оның жүріп өтер жолдары белгілі болғанымен әкімшілік журналистерді жолатар емес. “Өзіміз қажет нәрсені айтамыз” деп қояды. Сөйтіп әлі талай министрлердің “жауатын” кезі туар деп біздер де жүрміз. Олардың келіп кеткені, мынау дұрыс жасалып жатыр ма, қашан бітеді дегені несі қызық? Білмедім.