Кеше ғана Асқар Құрбановпен кездестік. Ол қазір Ақтөбе облыстық ауруханада жатыр. 2005 жылы Қарақалпақстаннан квота арқылы көшіп келген. Содан Алға ауданында тұрып жатыр. Негізгі кәсібі құрылыс салу. Яғни жалданып жұмыс жасайды. Әдеттегідей қалаға жұмысқа келе жатқан кезде оны 3 қыз бала тоқтатады. Үшеуін де қала ішіндегі базар маңына түсіріп кеткен. Кейін ол қалалық әкімшілік жанына жұмысымен келген кезде полицейлер учаскеге алып кетеді. Бұл 18 шілдеде болған жайт. Қыздардың айтуынша, Асқар оларды қалаға жеткізіп салғаны үшін 200 теңгені аз көріп, 500 теңге сұраған. Болмаған соң “соткасын” тартып алған. Ал Асқар болса мұны жоққа шығарып отыр. “Көп сөйлесем басым айналады” деген ол қол-аяғы, бет-әлпетінен басқа барлық жерінен полицейлердің ұрғанын айтады. Қазір басы айналып, қуығы шаншитын көрінеді. Асқарды тергеп жатқан Ғалым Тілеуов деген тергеушінің кабинетінде оны кезекті ұрып соққан сәттерде үстіне жай киім киген бір полиция қызметкері Асқарға:
- Сен қалпақ, оралман болып келіп алып, үй саласың, машина аласың. Мен болсам пәтер жалдап жүрісім мынау, неге кетпейсің өз еліне,- деген қорлау сөздер айтқан. Жәбірленуші жігіттің анасы Яхияева Несібелі апай ұлын жазықсыз ұрған полиция қызметкерлерінің үстінен қалалық ІІБ бастығына арыз жазып апарса, сол 10 тамыз күні болған кезекші арызды қабылдамапты. Оның орнына Асқар деген өзге тергеушіні шақырған. Ол ұлының жазықсыз таяқ жегеніне жаны ауырып, қайғырып отырған анаға «сіз арыз жазбай-ақ қойыңыз. Әйтпесе оларды жұмысынан шығарып жібереді. Одан да келісімге келейік» деген. Бәрі де түсініксіз қалпы оқиға өрбіп жатыр. Қазір Асқар да, полицейлер де прокуратураға шағымданған. Істің мән-жайына солар нүкте қоятын болар.
Posted by: altynai | Тамыз 14, 2008
Қазаққа “қалпақсың” деген полицейлер өздеріне шаң жуытпайды
Мен кездестірген жайт жазылған

Алтынай, соккыга жыгылган жигит каракалпакстаннан келген болып тур гой ия! Ал се нбилесин бе, Желкеннин алдында казах жигитин шешен жигити урып, кайсыбиркуни обл БСМП да жан тапсырды. Акеси байгус жылап кала берди. Аскар
By: Аскар on Тамыз 17, 2008
at 5:52 тк
Ия, ол Қарақалпақстаннан келген. Желкеннің қасындағы оқиға туралы естімеппін.
By: altynai on Тамыз 25, 2008
at 10:08 тд
Altynai salem.
By: Жаннур on Қыркүйек 10, 2008
at 11:51 тк
Қарғаның көзін қарға шұқымайтыны рас болса онда оларға сот жоқ.
By: smagul on Қазан 22, 2008
at 6:36 тк
e,mal kazakhtar goi.Nazarvayev bastaf,Muxtar kostagan azganadan baskasi shet el kazakhtarna shamasi kelgenshe almjettik korsetuge dayn.men de mundaydi kof keziktrdim,bisharadar ali de bolsa ozderinshe internasionalister!shindgnda KAZAKHSTANDA teksder jetklikti,37-38 jildari kazakhtin manday aldi tulgalarin,Tekti bitkennin barin kirf jiberdi,shet elge kudi.al kalganin osinday mangurtke ainaldrfti goi.endi koresni osndaylardan koresin,kazakhtn jaui oznin MANGURT KAZAKHTARI!
By: aelaman on Ақпан 6, 2009
at 10:57 тд
Ақтөбеде болған іс па? анау қыздар қалайша тез арада полиция шақыртып алған? негізі біздің полицияға ешқандай сенім жоқ. оралман болсын болмасын, жазықсыз адам соғуға/қорлауға үйреніп қалған. Асқардың анасы МВД-ның “телевон доверия”сына хабарласуы керек еді. Ішкі істер ішінде қазір кәдімгідей “тазалық” жүргізулуде.
By: elvira on Ақпан 20, 2009
at 5:27 тк
“Қазақ” деп казакты “жерден алып жерге салуға” кімнің құқы бар. Пікір айтқан кезде кемшіліктерді, біздің осал тұсымызды айтуға болар, бірақ қазақ деген ұлтқа тіл тигізерде абай болған жөн дер едім.
By: altynai on Ақпан 26, 2009
at 12:04 тк