Ұялы терефондағы, электрондық поштадағы смс-тердің күн санап түрленіп келе жатқанын қайтерсің. Кейде жаныңды түршіктіріп, қорқыныш тудырады, кейді жүйкеңді жұқарып, жыныңды оятады. Алғашында «бақытты болғың келсе 5 адамға тарат» деп, кейін Аллаһ Тағаламен де әзілдесетін болдық. Кеше таң сәрімен мынадай смс келді:
Ораза Айт қабыл болсын!
аршамызға береке әкелсiн!
лланың нұры жаусын!
айғамбардың шапағаты түссiн!
Алла ниетімізді қабыл етсiн!
Әумин!
Жорытканда жолың болсын,
Жолдасын Қыдыр болсын,
Алдыңнан Алла колдап,
Қоржының олжаға толсын.
Осы батаны 6 адамға таратсаң бағың ашылады.
Айт қабыл болсын!!!»
шкі сана-сезімі әлсіз адам бұл сөздерге иланып, ойдан шығарылған бәзбіреудің ермегіне жауап қатады. Сөйтіп мәнсіз-мағынасыз сөздер мыңдаған, бәлкім миллиондаған қалың жұртшылықты аралап кетеді. Сенгісі келмейтіндерді сендіретін де осы сөздер. Қолды бір сілтеп өшіріп тастайдын жандар да арамызда жүр. Бірақ некен-саяқ секілді. Спамдардың көбейіп кеткеніне қарап, оны кім бастап жазды екен деген ойға қаламын. Бізді жақсы білетіндер ме, әлде… Қалай болғанда да мен смс-терден шаршадым. Бәленше адамға тарат деп келген сөздердің соңғы нүктесін қойып өшіріп-ақ тастадым. Егер жындының сандырағы келсе ше? Көрдіңіз бе, біздің сана-сезіміміз жалған сөзге иланғыш келеді екен. Одан арылу керек, бәрімізге де.
Posted by: altynai | Қазан 7, 2008
СМС-тен шаршадым
Uncategorized жазылған
туу тегі мен да осындай смстерге жыным ұстайды
игнор жасайм
By: KonilAshar on Қараша 7, 2008
at 11:42 тд
Спам екені анық біліп тұрсыз, ал жындының сандырғы емес сіз не ойласаңыз сол келеді, Бұл айдан анық нәрсе,
By: Жасулан on Желтоқсан 24, 2008
at 8:33 тд