Posted by: altynai | Ақпан 26, 2009

Қазақ болғым келеді

Бұл күнде Есбол Балсеріков Ақтөбеде. «Өзбекстан жерінен алғаш келгенде ілмейген ғана қара бала болатын» дейді әкесінің туғаны Орман аға. Қалыбай Балсеріков о дүниелік болған кезде артында 4 бала қалады. Ұрпақты өсіру, күнделікті ішер асын тауып, киер киімін бүтіндеу жалғаз анаға ауыр тиді. Сауда-саттықтың да мәні кетті. Себебі бауыр еті баласы қараусыз қалған кезде өкпесіне суық тигізіп алған екен. Қазақ жерін, елін өз Отаным деп көшіп келген Орман Балсеріков пен Несібелі Байжанова баланы қорғаншылыққа алып, оны тәрбиелеуге шешім қабылдайды. «Баққанды білетін бала» көп ұзамай құлын тайдай ойнап, көздері жайнап шыға келеді. Қазір екінші кластың оқушысы. Бірақ азаматтарды тіркеу кітабында жоқ, ол үшін Қарақалпақстандағы тіркеу кітабынан шығу керек екен. Екі елдің ортасында шыбын жан шырқырып жүр. Өзбекстан шығармайды, Қазақстан онсыз тіркемейді.

Даудың басы…
Ала шапандылардың ауылынан хат келген соң бауырының артында қалған тұяғын жатта жылатпау басты мақсат болады. Қара көзден аққан мөлдір жас та «жетіміңді жалатпа» деген аталы сөзді еске түсіреді. Содан 2005 жылдың қыс айында келген өтініш хат Орман Балсеріковке ой салады. Ақтөбе топырағын аттаған кішкентай ғана Есбол сол кезде өкпе ауруына шалдыққан болатын. Дәрі-дәрмек пен жылы орын, құнарлы тамақ бұл дертті аз уақыт ішінде жеңіп шығуға септігін тигізеді. 2006 жылы бала 5 жасқа келеді. Дайындық тобына барып, білім ала бастайды. Келер жылы 1 класс пен түпсіз терең білім, жаңа орта мен достар тосып тұрған болатын. Енді құжаттарды тексеру, бәрін «заңға сәйкес» реттеу керек деген талап қойылады. Айлар артта қалып, жылдар жылжиды. Іс тек қарақалпақ еліне барып келсе ғана бітеді деген шешімге келеді. Ресми түрде бала асырап алушы Несібелі Байжановадан сенім хат алып, оны заңдастырған соң Орман Балсеріков Қарақалпақстанның Тахаиаташ қаласына аттанады. Екі ай жүріп түк бітірмей елге оралады. Себебі, қарақалпақ елінің заңы бойынша анасы бар баланы қорғаншылыққа беру мүмкіндіктері қарастырылмаған. Істі аяғына дейін жеткізу үшін өз атынан сөйлейтін қорғаушы алып, бар құжатты соған тапсырады. Есболдың анасы Миуаш Жанасбаева әлеуметтік жағдайы төмен екенін, ерінің қайтыс болғанын, көп балалы ана әрі ұрпақ тәрбиелеу күннен күнге қиындап бара жатқанын айтып баласын қорғаншылыққа берулерін сұрайды. Көше биі Құдайберген Бекжанов, жиналыс басшысы К.Кучербаев еш қарсылық білдірмеген. Шыққан қаулы мынадай:
Жиналыста қаралған мәселелер мен ұсыныстардан кейін Жанасбаева Миуаштың 2001 жылы дүниеге келген баласы Есболды Ақтөбе қаласында тұратын күйеуінің ағасы Орман Балсеріковке беруге ұсыныс беріледі». Бұл шешім қағаз жүзінде қала берген.
алалық білім бөлімі «жоқ» десе, ауданаралық сот «біздің құзырымызға жатпайды» деп әрі итеріп, бері жығады. Қарақалмақстанда әлеуметтік көмек үшін әр балаға 30 мың сом төленеді екен. Бұл қазақ елінің теңгесі бойынша 2700 теңге. Орман ағаның айтуынша, оған жарты қап қана ұн келеді екен.
Жататын үйім мен қала орталығы бір-бірінен қашық болды. Таңертең барып, кешке кері қайтып екі ай уақытымды өткіздім. Инсульт болдым. Қазір екінші топтың мүгедегімін. Әр дәрінің құны 2 мың теңгеден жоғары,- дейді Орман Балсеріков. Қолды бір сілтеп, баз кешкің келеді. Бірақ бала тағдыры алаңдатады. Сөйтіп, жарық күн де туады. Ақтөбе қалалық әкімдігінің қаулысы бойынша 2008 жылдың 21-қарашасында «Азаматша Байжанова Несібелі кәмелетке толмаған Балсеріков Есбол Қалыбайұлының қорғаншысы болып тағайындалсын, сол жөнінде оған кәулік берілсін» деген шешіл шығарылады. Қазір Несібелі Байжанова Есболдың қорғаншысы.

Қазақтелеком «байыды»
Балсеріковтар отбасы Өзбекстандағы 2 нөмірге ғана телефон соғады. Бірі келінінің көрсіші, екіншісі милиция бастығы Эльдар Раманаев. Көршісінің «үйінде жоқ», «қолым тимейді, бала жылап жатыр», «балалар айтуды ұмытып кетіпті» деген сылтау айтып тұтқаны қоя салатын кездері де аз емес. Ал милиция басшысы болса бірде бар, бірде жоқ. Мемлекетаралық байланыс ақысы желтоқсан айында үш мың, қаңтар айында жеті мыңнан астам теңге ақша жұмсаған. Бірақ нәтиже жоқ. Мәселе әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр.

Қазақстан азаматтығы ала алмайды. Неге?
Орман Балсеріковтың қазір бір шеңберді айналып жүр. Көші-қон басқармасы, Балалар құқықын қорғау департаменті, Ішкі істер басқармасы. Бас айналдырады. Кейін осы оқиға жайын жетік білетін басшыларға хабарластық.

Жәнібек Мұқанов, Көші-қон полициясы бастығының орынбасары:
Бұл оқиға бізге таныс. Келіні Миуаш Жанасбаева уақытша тіркеуге тұрып, баласын тастап кетуіне де болады. Бірақ М.Жанасбаева келгісі келмейді. Бізге бір қазақтың тағдыры ғой, «заңды бұз» дейді. Өзбекстанға сұраныс жібергенбіз. Олардан «кәмелетке толмаған бала ата-анасыз шетелге шығарылмайды» деген жауап та келді. Мұндай оқиға менің тәжірибемде бірінші рет болып тұр.

Б ақтыгүл Тойбазарова, Балалар құқықын қорғау департаменті, Қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы:
Бала әлі қарақалпақ азаматы. Орман Балсеріков Есболдың Қазақстан азаматы болғанын қалайды. Келіп түскен өтініш бойынша біз Көші-қон полициясына бардық. Онда полиция бастығының орынбасары Арман Серікұлы Қарақалпақстанға телефон шалды. Олар баланы тіркеуден шығарғысы келмейді. Анасы екеуі бірге кету керек деп нық отыр. Миуаш Жанасбаева болса мұнда келгісі жоқ. Егер тіркеуден шығып қайта барар болса өзбек азаматтығын ала алмайды.
алсеріковтардың басындағы оқиға мемлекетаралық мәселе. Қамқоршылыққа алынды, мектеп тарапынан берілетін көмекті үнемі қадағалап отырамыз. Бірақ Орман Балсеріков қамқоршылық жәрдемақысына қол жеткізе алмай отыр.
іздің міндетіміз – балалардың құқығын қорғау, оларға мүмкіндік жасау.

«Бауырым терроршы емес қой»
Б ір аулада балаларымен бірге тұратын Орман Балсеріковтың жүзі тым шаршаңқы көрінді.
Бауырым іздеусіз, сұрайсыз емес. Тіпті, терроршы емес,- дейді. Есбол екі жыл өкпеге түскен дақтан емделген. Қазір айығып та кетті. Еш жері ауырмайды.
Кең құшағын ашып, ақ дастарқан жайып қарсы алғанмен заң «бізге бағын» деп түртпектейді. Қазір бала Есбол асыр салып ойнайды, достары да көп. Бірақ екі мемлекеттің аdsc07394расында тұр. Әрі барсаң өзбек, осында қалсаң қазақ. Біздің салмағымыз басым. Заңымыз оған мұрша берер емес.

Р .S. Ата мен әженің, Орман Балсеріков пен Несібелі Байжанованың жолға шығып, тағы да Тахаиаташ қаласындағы милиция басшысы Эльдар Раманаевтың есігін күзетуге қауқары жоқ. Олар қала басшылығының болмаса елшіліктің бұл іске араласқанын қалайды. Бар тілегі Есболдың білім алып, өз елінің азаматы болғаны. Оның «ҚАЗАҚ» болғысы келеді. Заңның икемге келмей тұрғаны-ай!


Пікірлер

  1. Бір бірімізді алға тартудың орнына, отырып алып көзін шұқимыз. Бұл түрімізбен ел болмаймыз ғой.


Leave a response

Your response:

Категориялар