Бізге хабарласып («Қазақ» болғым келеді) титтей де болса көмек беруімізді сұраған Орман Балсеріковтың бар арманы бауыры Есбол Балсеріковты қазақстандық азамат ету болатын. Қазір заң бойынша азаматтығын алды. «Нұр Отан» ХДП-ның және ІІД, Көші-қон басқармасы айлар бойы Өзбекстанға сұраныс жіберіп, заң қызметкерлеріне тікелей телефон да шалған. «Әне болады, міне істі тындырамыз» деген құрғақ уәденің артынан айлар өтіп жатты. Таяуда ғана келген сүйінші хабардың мән-жайын Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қарасай Көшелековтен сұрап білдік.
- Көші-қон заңына байланысты баланың Өзбекстаннан тіркеуден шыққандығы туралы құжат керек болатын. Біздің сұранысымызды орындау ұзаққа созылды. Тақияташтың қалалық ішкі істер бөлімі, Нөкістің облыстық ішкі істер басқармасы басшыларымен телефон арқылы хабарластық. «Қазір келсін» дегенімен тума-туысқандары барса құжатты бермей жібереді. Іс алға баспаған соң Ішкі істер министрінің орынбасарына хабар берген болатынбыз. Орман Балсеріков алғаш рет 12 қаңтарда бізге келді. Кейін екі рет телефон шалды.
Қорғашылық алғандығы туралы құжаттардың көшірмесін түгелдей сұратты. Шын мәнінде Өзбекстанда бюрократия басым,- дейді Қ.Көшелеков. 6 айдың ішінде түбегейлі шешімін табатын азаматтық алу ісі жылдарға созылды. Алғаш кезде өз күшіне сенген Орман Балсеріков «басын тауға да6 тасқа да соқты». «Бір жапырақ» құжаттың салмағы ауыр әрі маңызды. Дегенмен істің бұлай созылуына Көші-қон заңының да әсері бар. Заң толықтырулар мен өзгерістер енгізуді қажетсініп-ақ тұр. Ұсыныс жасалды, егер заң қайта қаралса азаматтық алу жүгі жеңілдейді деген үміт бар.
Posted by: altynai | Маусым 18, 2009
Есбол – Қазақстан азаматы
Uncategorized жазылған
Сәл жырақта жүрсек те, елдің хабарын біліп тұрарлық мекенді тапқаныма қуаныштымын. Сәттілік тілеймін.
By: aldeken on Маусым 22, 2009
at 8:36 тд